Үйіңізден шықпай-ақ ауруыңыз және қажетті емдеу туралы Anadolu Medical Center-дің үздік дәрігерлерінен тегін кеңес ала аласыз! Ол үшін медициналық құжаттарыңыз бен рентгенологиялық суреттеріңізді электрондық түрде бізге жіберуіңіз керек. Мамандарымыз оларды қарап шығады және 48 сағат ішінде сізге өз пікірлерін білдіреді.
Әрбір аурудың тарихын әртүрлі бағыттар бойынша тұтас бір дәрігерлер тобының зерттеуі өте маңызды: олар бірлесіп диагноздың дұрыстығын бағалайды және ең оңтайлы емдеу жоспарын таңдайды. Бұл көпсалалы тәсіл әсіресе онкология сияқты бірнеше маманның қатысуын талап ететін күрделі ауруларда маңызды. Екінші медициналық пікірді алғаннан кейін Anadolu Medical Center-ге келу туралы шешім қабылдасаңыз, координаторларымыз сапарыңызды ұйымдастыруға көмектеседі: қонақүй брондау, әуежайдан ауруханаға және кері қарай тегін трансферді ұйымдастыру, сондай-ақ барлық қажетті кеңестер мен процедураларды жоспарлау. Клиникада емдеу барысында сізге қазақ және орыс тілді аудармашы ілесіп жүреді. Үйге қайтқаннан кейін Халықаралық бөліміміздің мамандары дәрігерлермен байланыс орнатуыңызға және туындаған кез келген мәселені шешуіңізге көмектеседі.
Екінші медициналық пікірдің кезеңдері
Емделу үшін өтінішіңізді жіберіңіз.
Мамандарымыз сізбен байланысады.
Қажетті құжаттар мен талдауларды жіберіңіз.
48 сағат ішінде тегін медициналық кеңес аласыз.
Тегін екінші пікір үшін құжаттарыңызды жіберіңіз
Диагнозыңызды көрсетіңіз — маман 48 сағат ішінде жауап береді. Файлдарды өтініштен кейін WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы жібере аласыз.